Финляндияда ауыл шаруашылығы саласында жұмысшы жетіспейді

Соның салдарынан 2 миллион тонна құлпынай жиналмай жатыр. Бұған дейін бұл мәселе Украинадан келетін маусымдық мигранттар есебінен шешілетін. Алайда қарулы қақтығысқа байланысты биыл жұмысшылар аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді билік Таиландтан адамдарды тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алайда фермерлер олар жеткенше, құлпынай бүлініп кете ме деп алайдайды.

УКРАИНАДАН КЕЛЕТІН ЖҰМЫСШЫ ТАПШЫ

Польшада ДА украиналық мигранттардың аздығы өткір сезіліп отыр. Қарулы қақтығыс басталмай тұрып мұнда ол елден жыл сайын 600 мың жұмысшы келетін. Алайда қазір жағдай өзгерді. Негізі Польша ең көп украиналық босқынды қабылдаған ел. Жұмысқа сол азаматтарды неге тартпасқа деген сауал туындайды. Бірақ сарапшыларды ң түсіндіруінше, мұнда келіп жатқандардың көбі әйелдер мен балалар. Кәмелетке толмағандарды еңбекке тартуға болмайды. Ал қыз-келіншектер ауыр жұмысты істей алмайды.

Войцех Ратайчик, рекрутингтік компанияның бас директоры:

- Бос орын ауыр еңбекті қажет ететін салада көп. Онда әдетте ер адамдар жұмыс істейді. Соған қарамастан, біз Украинадан келген қыз-келіншектерге жұмыс тауып беруге тырысып жатырмыз.