Мексикада кеншілерді құтқару жұмыстары жалғасуда

Мексикада жетінші күн қатарымен жоғалған кеншілерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазір құтқарушылар құдықтарды судан тазартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 тамызда экскаватор жер қазып жатып, туннельдің қабырғасын қоса күреп тастаған. Салдарынан онға жуық кенші қамалып қалды. 5 кенші су басқан шұңқырдан шығып үлгерді.  Құтқару операциясына 400-ден астам адам тартылды.

Лаура Веласкес, азаматтық қорғаныс ұйымының үйлестірушісі:

– Судан тазарту жұмысы бір сәтке де үзілген емес. Адамдардың өмірін сақтап қалу үшін барымызды салып жатырмыз. Жақында жақсы жаңалығымыз болатынына сенемін.