Украинаға қосымша көмек көрсетіледі

АҚШ Украинаға құны 1 млрд доллар болатын әскери көмек ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақын арада елдің Қорғаныс министрлігінің қорында сақталған зымырандар, артиллериялық снарядтар, минометтар мен өзге де қару түрлері Киевке жеткізілмек. Шешім Украинаның оңтүстік порттарына Ресейдің әскері мен техникасы тартыла бастады деген ақпар тарағаннан кейін хабарланды. Сондай-ақ АҚШ билігі Дүниежүзілік банк арқылы Киевке қосымша 4,5 млрд доллар қаржылай көмек көрсетпек. Аталған сома әлеуметтік төлем, зейнетақы мен медициналық қажеттіліктерге жұмсалатын болады.