Кубада мұнай базасындағы үшінші қойма жарылды

Кубаның Матансас қаласында отқа оранған мұнай базасында үшінші қойма жарылды. Осыдан екі күн бұрын қара алтынға толы екі қойма өртенген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтай алмай жатыр. Шараға Мексика мен Венесуэланың өрт сөндірушілері көмекке келді. 1 өрт сөндірушінің мерт болғаны белгілі. Тағы 14 адам із-түзсіз жоғалған. Мамандар 4-қойманың да жарылу қаупі жоғары екенін айтады. Апаттан елде жиі жарық өше бастады.

Айта кетейік, терминал Гавана қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Ондағы әр қоймада 300 мың баррельге жуық жанармай сақталған.