Нью-Йоркте 50 секундта әшекей дүкені тоналды

Нью-Йорктің қақ ортасында тапа-тал түсте әшекей бұйымдарын сататын дүкенді тонап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала полициясының хабарлауынша, оқыс оқиға түскі сағат 3-терде болған. Ұрылар жалпы құны 2 жарым миллион доллардан асатын бұйымдарды қолды еткен. Айласын асырған әккі қылмыскерлер ұрлықты бар болғаны 50 секундта жасаған. Полиция тұрғындардан күдіктілерге қатысты ақпарат болса, тез арада бөлісуді өтініп әлек.

Сондай-ақ...