Францияда орман өртеніп жатыр   

Францияның оңтүстік-шығысында орманннан өрт шығып, 80 гектар аумақты жалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік 200-ге жуық тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ауа райының қолайсыздығы үлкен кедергі жасап тұр. Жел бағытын өзгертіп әлек. Ұлттық Метеорология қызметі биылғы шілдені ел тарихындағы ең құрғақ ай деп бағалады. Өткен айда бар-жоғы 10 миллиметр ғана жауын-шашын түскен.