АҚШ-та Лайм ауруына қарсы вакцина сынақтан өтуде

Pfizer компаниясының ғалымдары Лайм ауруына қарсы өндірілген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін мыңдаған еріктіні тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға бес жастан асқан балалар мен ересектер қатыса алады. Препарат соңғы 20 жылда шығарылған алғашқы вакцина. Лайм ауруы – кенелердің кейбір түрінің шағуы арқылы берілетін бактериалдық инфекция. Бүгінде мамандар дертке шалдыққан науқастардың саны артып бара жатқанын айтады. Мәселен, АҚШ-та жылына 476 мың адам Лайм дертіне шалдықса, Еуропа елдерінде бір жылда 130 мың науқас тіркеледі. Кенелердің көбеюіне климаттың жылынуы себеп дейді ғалымдар. Сондықтан ауруға қарсы тұра алатын екпеге деген сұраныс та артып барады.

Аннализа Андерсон, Pfizer компаниясының өкілі:

– Ви-Эл-Эй-15 Вакцинасы зерттеу жұымысының 3-фазасынан өтіп жатқанына қуаныштымыз. Препарат Лайм инвекциясын алдын алуға бағытталған. Климаттың өзгеруіне байланысты екпеге деген сұраныс артып барады.