Украина мен Ресей Запорожье АЭС-іне қатысты бірін бірі кінәлады

Украина мен Ресей қайтадан бірін бірі айыптап отыр.

Бұл жолы дау Запорожьедегі атом электр станциясы төңірегінде туындаған.

Мәскеу бірнеше күн бұрын нысанды украиналық жауынгерлер атқылағанын хабарлайды.

Айтуларынша, бұл өңірде гуманитарлық дағдарыс орнатуға бағытталған әрекет. Ресейдің қорғаныс министлігі мұны ядролық лаңкесттікке балады. Бірақ Киев атом электр станциясын ресейліктердің атқылағанын айтады. Бұл инфрақұрылымның көзін жою үшін жасалып отыр дейді. Осыған байланысты Украина нысандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктен шара қабылдауын сұрап отыр. Негізі Запорожьедегі құрылым Еуропадағы ең ірі атом электр станцияларының бірі саналады. Ол наурыздың басында Ресей әскерінің бақылауына өткен. Станция аумағында пайдаланылған ядролық отын бар 174 контейнер орналасқан. Сарапшылар мұнда оқыс жағдай болса, соңы Чернобыль апатынан 10 есе ауыр болатынын ескертеді.