Ұлыбританияда электр қуаты еселеп қымбаттауы мүмкін

Келер жылы Ұлыбританияда электр энергиясының шектік бағасы 3 есе қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Cornwall Insight сарапшылары жуырда осындай болжам жасады. Оған сәйкес, бір жылда электр қуатына кететін шығын 5 мың доллардан асады. Биылғы қазан айында-ақ энергия бағасы 82 пайызға өседі деп күтілуде. Мамандар мұны бірінші кезекте әлемдік нарықтағы ахуалмен байланыстырып отыр.