476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркия президенті бұрғылау кемесін шығарып салу рәсіміне қатысты

  • 172
  • UPD: 08:48, 10.08.2022
Түркия президенті бұрғылау кемесін шығарып салу рәсіміне қатысты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған төртінші бұрғылау кемесін кен орнына шығарып салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Абдүлхамид Хан» деп аталатын жаңа кеме енді Гази Пашадан 55 шақырым жердегі Йоруклер-1 ұңғымасына аттанып, бұрғылау жұмыстарына қатысады. Ердоғанның айтуынша, Түркияға Жерорта теңізінде барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін ешкімнің рұқсаты қажет емес.

Естеріңізде болса, 2020 жылдың жазында Түркия мен Грекия арасында қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Оған Кипрдің оңтүстігінде жаңадан табылған газ кені себеп болды. Өйткені екеуі де су астындағы байлықты өзінікі деп есептейді.

Хабар 24 телеарнасы