Қытайда карантинде қамалған туристер еліне орала бастады

Қытайдың Хайнань провинциясында камалып қалған 80 мың туристің  бірінші тобы үйіне қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяхатшылар Санье курортты қаласында бірнеше күн карантинде отырған. Оқшауланған 125 адам рейске отырар алдында соңғы 3 күн бойы бірнеше мәрте коронавирусты анықтайтын тест тапсырған. Оларда соңғы бір  аптаның ішінде Ковид індетінің белгілері байқалмаған. Жергілікті тәртіп бойынша үйлеріне оралған туристер санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек.

Ян, турист:

- Аралдан таңғы сағат 9-да шығамыз деген хабар алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Әуе билеттеріне жеңілдіктер ұсынылды. Балаларға 50, ал ересектерге 20 пайыз. 3 адамға 6 мың юань төледік.