Куба тарихындағы ең ірі өрт сөндірілді

Мұнай базасындағы қоймаға өткен жұмада найзағай түсіп, жарылыс болған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан шыққан өрт жиналған жанармай қорының 40 пайызын 5 күннің ішінде жойып үлгерген. 8 қойманың төртеуіне зақым келді. Қазір сарапшылар апат шығынын есептеп жатыр. Жергілікті мамандардың шамасы жетпеген соң, Мексика мен Венесуэладан көмекке өрт сөндірушілер келді.

- Шығын көлемі өте үлкен деп ойлаймын. Өйткені елдегі барлық электр энергиясы осындағы жанармай арқылы берілетін. Қираған дүниені  қалпына келтіру енді қиынға соғады.