НАТО құрамы кеңейді

АҚШ Президенті Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына кіруін мақұлдайтын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша Джо Байден қос мемлекеттің әскери альянсқа қабылдану процесіне нүкте қойды. Демократтар мен республикалық партия мүшелері Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына кіруін бірауыздан қолдаған. Олардың пікірінше, солтүстік елдерді әскери альянсқа тезірек қабылдау маңызды. Ақпанның 24-і күні Ресей Украина аумағына әскерін жібергендіктен екі ел бірден осы одақтың құрамына кіруге өтініш білдірген. Ізінше НАТО-ның 30 мүшесі хаттамаға қол қойып, тиісті құжаттарды ратификациялаған.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Бүгінде НАТО-ның әлемлегі теңдессіз альянс екеніне көз жеткізіп отырмыз. Болашақта да осылай бола бермек. Финляндия мен Швеция қосылып, ұйым мүшелерінің санын 32-ге жеткізсе,  әскери одақ одан әрі нығаяды.

Сондай-ақ...