Францияда электр қуаты жарты жылда 336%-ке қымбаттады

Еуроодақ өкілдері энергия тасымалдаушыларды тұтынуды азайту арқылы тұрғындар да үнемдеуге тиіс дейді. Қазір бағалар шарықтап тұр. Мәселен, Францияда алғашқы жарты жылда электр энергиясының бағасы 336 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл рекордтық аптап ыстық та жығылғанға жұдырық болды. Өйткені тұрғындар ауа желдеткіштерін бұрынғыдай қолдана алмайды. Өйткені бұл қалтаны қағады. Дүкен иелерінің де біраз шығынға бататын түрі бар. Себебі мұнда кондиционер қосулы тұрғынд есік ашық қалса, 750 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.