Ыстамбұл көшелері көлкіп тұр

Ыстамбұлда толассыз жауған жаңбыр кәріз бен су ағызатын арналарды жарып жіберді. Соның салдарынан қаланың орталық көшелері мен бірқатар тұрғын үйдің бірінші қабаттарын су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туннелдер суға толып, көліктер қаңтарылып қалды. Әйтеуір адамдар аман. Дегенмен Ыстамбұл губернаторы қауіпсіздіктің қызғылт- сары деңгейінің жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Ал синоптиктер алдағы екі күнде тыныш өтпейтінін ескертті.