Донецкте атыс-шабыс кесірінен сыра зауытынан аммиак ағып жатыр

Донецк қаласында атыс-шабыстың астында қалған сыра зауытынан аммиак жылыстай бастады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 1 адам мерт болып, тағы екеуі зардап шекті. Апат кезінде онда 32 адам болған. Жергілікті билік тұрғындарды сыртқа шықпай, үйдің терезесін ашпауға шақырады. Өзін өзі жариялаған Донецк Халық Республикасының аймақтық қорғаныс штабының мәліметі бойынша аммиак жайылған жер 2 шақырымды құрайды.

Ведомствоның айтуынша, зауытты Украинаның қарулы күштері шабуылдаған.