Ким Чен Ын: Коронавирусты жеңдік

Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын "коронавирусты жеңдік" деп жар салды.

Бұл туралы "Рёнхап" ақпарат агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, коммунистік елде ковид жұқтырған алғашқы жағдай 12 мамырда тіркелген болатын. Бірақ ресми билік "бұл безгек" деп жасырып келді. Күніне індет жұқтырғандар саны 400 мыңға жетті. Ким Чен Ын "коронавирус Солтүстік Корея құрылғалы ең үлкен сынақ болды" деп мәлімдеді.