Украинаға сыртқы қарызды өтеу мерзімі ұзартылды

Несие берушілер міндетті төлемді 2024 жылға дейін тоқтатып тастаған.

Осылайша бұл ел 6 млрд доллар қаражат үнемдей алады. Болжам бойынша аталған сома әлеуметтік төлем мен қорғаныс күштерінің шығынына жұмсалады.

Блумберг (( Bloomberg )) агенттігінің мәліметінше, қарулы қақтығыс салдарынан бүгінде Украинаның бюджет тапшылығы айына 5 млрд долларға жеткен. Жалпы Киев сыртқы елдерге 19,5 млрд  доллар қарыз.