Кореяда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Оңтүстік Кореядағы тасқыннан мерт болғандардың саны 11-ге жетті.

Оның алтауы Сеул қаласында, үшеуі Кёнги провинциясында, тағы екі тұрғын Канвондо провинциясында көз жұмды.

Апаттан ізім ғайып жоғалған 8 адам әлі де іздестіріліп жатыр. Табиғат апатынан 3 мыңнан астам баспана мен өзге де ғимарат топан су астында қалды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, мұндай тасқын соңғы 115 жылда болмаған екен.