Lego компаниясы өзінің 90 жылдық мерейтойын тойлап жатыр

Аты әлемге танылған Lego компаниясы өзінің 90 жылдық мерейтойын тойлап жатыр.

Аталған шараға даниялық өндіріс орнының қызметкерлері тәтті торт жинап шықты. Биллунд қаласындағы Lego House үйінде көзайымға айналған туынды 94 мың 128 бөлшектен және 9 қабаттан құралды. Lego компаниясының өкілдері мерейтой әлемнің барлық дүкендерінде атап өтілетінін хабарлайды.

Айта кетейік, 1932 жылы Оле Кирк Кристиансен және оның немересі Кьелль Кирк Кристиансен Lego компаниясының негізін қалаған. Бүгінде алпауыт фирмада 24 мың адам қызмет етеді.