Саакашвили өлім аузында жатыр – Дәрігерлер

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ауыр халде жатыр.

Тбилисидегі аурухананың бірінде емделіп жатқан саясаткердің денсаулығы жайында дәрігер Отар Тоидзе осылай деді. Таяуда бір топ дәрігер науқастың хал-жағдайы жөнінде толық есеп беретін болады.

Еске сала кетсек, Украинада жүрген Грузияның үшінші президенті былтыр елге қайтқан бойда тұтқындалып, түрмеге қамалған еді. Сот тергеуі басталғалы Саакашвили екі мәрте аштық жариялады. Мамыр айында жағдайы нашарлаған соң Тблисидегі ауруханаға жатқызылған. Михаил Саакашвилиді қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. Тағы 3 қылмысқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр.