Индиана штатында жарылыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Индиана штатындағы Эвансвилл қаласында тұрғын үй жарылды.

Оқиғада 3 адам мерт болған. Құтқарушылар адам шығыны артуы мүмкін деп болжайды. Өйткені жойқын жарылыстан 39 үй зақымдалды. Апат орнында мамандар жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір аймақта жарық өшкен. Жақын маңдағы жолдарда көлік қозғалысы тежелді. Әзірге қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды.