Германияда маймыл шешегін жұқтыру жиіледі

Германияда маймыл шешеігін 3 мыңдай адам жұқтырды. Негізінен бұл дертке ер адамдар шалдығып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роберт Кох институтының мәліметінше, бұл кеселді жұқтырған небары 7 әйел тіркелді. Жұқпалы дерт тұңғыш рет төрт жасар қызда анықталды. Бала үйде отырып ауырып қалған. Екі туысында да тап осындай белгілер білініп, аурулары жеңіл түрде өтіп жатыр. Маймыл шешегі Германияда осыдан екі жарым ай бұрын тіркелген болатын. Вирустың таралуына жол бермес үшін дәрігерлер екпе салдыруға кеңес беріп отыр. Елде вакциналау басталып кетті. Жалпы әлем бойынша маймыл шешегін жұқтырудың 32 мыңнан аса дерегі тіркелген.