476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда коронавирустан қорғану үшін жаңа шектеулер енгізілді

  • 196
  • UPD: 07:33, 12.08.2022
Қытайда коронавирустан қорғану үшін жаңа шектеулер енгізілді

Омикрон штамының түрлі нұсқаларының таралуына байланысты Қытайдың тағы да бірнеше елді мекенінде шектеулер енгізілді. Бүгіннен бастап Иу қаласының тұрғындарын карантинге жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елдегі ең ірі сауда орталықтарының бірі. Үрімші қаласында да бірқатар шектеу орнатылды. Соңғы бір тәулікте Қытайда 2 мыңдай науқас анықталды. Бірқатарында ауру белгілері байқалмайды. Науқастардың артуы Хайнань шипажайындағы індеттің өршіп кетуіне байланысты болып отыр. Жалпы вирус Қытайдың жиырма шақты өңіріне тарап кетті.

Го Янхун, ҚХР денсаулық сақтау саласын бақылау комиссары:

– Хайнаньда тараған вирус түрін біраз уақыт анықтай алған жоқ. Салдарынан эпидахуал ушығып, вирус тез тарап кетті. Хайнаньға індетпен күресуге көмекке елдің 19 өңірінен 10 мыңнан аса маман жібердік.

Хабар 24 телеарнасы