Үндістанда тұрғындарға маска тағу міндеттелді   

Үндістан астанасы Нью-Делиде қайтадан маска тағу міндеттелді. Жергілікті билік өкілдері коронавирустың таралуына жол бермеу үшін айыппұл салып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті инфекцияға шалдығып жатқандар күннен-күнге артып барады. Кейінгі тәуліктің өзінде Үндістанда 16 мыңнан астам азамат науқас деп танылса, соның 2,5 мыңы Делиде тіркелген. Тоғызы дерттен айыға алмай бақилық болған. Індет басталғалы үндістанда 44 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды. 526 мың азамат көз жұмды