476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украиналық АЭС маңында ұрыс жүргізілмеуі тиіс – Рафаэль Гросси

  • 193
  • UPD: 09:29, 12.08.2022
Украиналық АЭС маңында ұрыс жүргізілмеуі тиіс – Рафаэль Гросси

Магатэ басшысы Рафаэль Гросси Запорожье атом элекстростансасына қатысты миссияны өзі басқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Гросси БҰҰ қаупісзідік кеңесінде мәлімдеді. Агенттіктің өкілдері тездетіп, Запорожье стансасына барып, тиісті инспекция жүргізуі үшін Ресей мен Украина жағдай жасауға тиіс дейді МАГАТЭ басшысы. Өйткені украиналық АЭС-тегі жағдайға мамандар ғана толыққанды баға бере алады. Рафаэль Гроссидің пікірінше, украиналық мамандардың сонда болуы жағдайды тұрақтандыруға сеп болмақ. Украина мен Батыс елдері ресейлік әскердің станса маңында артиллериялық атыс ұйымдастырып, зымыран ұшырып жатқанын айтады. Ал атом стансасының өзін әскери базаға айналдырған.

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ басшысы:

МАГАТЭ бұл миссиясын маусымда атқаруға тиіс еді. Бірақ саяси ахуалға байланысты тексеріс жүргізу мүмкін болмады. Соңғы екі айда не болғанын көріп отырмыз. Енді қол қусырып қарап отыруға болмайды. Ол жерде әскери ұрыс жүргізу қауіпті.

Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ жанындағы елшісі:

– Ұйымдастыру жұмысына қолдау көрсетуге әзірміз. Таяуда, тіпті тамыздың соңына дейін МАГАТЭ өкілдерінің Запорожье атом стансасына барғаны дұрыс деп есептейміз.

БҰҰ бас хатшысы Антонниу Гуттериш МАГАТЭ-нің Запорожье атом стансасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді толықтай қолдайтынын білдірді. Осы ретте бас хатшы әскер мен техниканы станса маңынан әкетіп, тараптарды ол жақта күш қолданбауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы