Францияға көрші елдің құтқарушылары көмекке келді

Франциядағы орман өртін сөндіру үшін көршілес елдердің құтқарушылары көмек қолын созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жазда от шарпыған алқаптың аумағы 50 мың гектарға дейін жеткен. Аптап ыстық елдің бірнеше аумағында өрттің шығуына себеп болған. Адам күші мен арнайы техниканың жетіспеуі қолбайлау болды. Қазір қызыл жалынды әуеден сөндіру үшін Грекия, Швеция мен Италияның ұшақтары жұмылдырылған.  Германия да өрт сөндіру көліктерін жөнелтіп жатыр. Еуропаның Коперникус жерсерігі өртті ғарыштан бақылауға кірісті. Оған қоса Еуроодақ елдерінен 400-ге жуық өрт сөндіруші келеді.

Элизабет Борн, Францияның премьер-министрі:

– Бүгінде біз Еуроодақ тарапынан қолдауға ие болып отырмыз. Грекиядан Канадаэйр және Швецияның ұшақтары бүгін ұшып жетеді. Еурокомиссия Одақтың қарулы күштеріне қарасты ұшақтар да орман өртін сөндіру үшін Францияға көмекке келеді деп уәде берген. Сондай-ақ Германия, Австрия, Италия мен Румыния жақтан көмек болады.