Венесуэлада наразы ұстаздар мен дәрігерлер шеруге шықты

Каракастағы наразылық акциясына қатысушылар сыйақыны уақытында төлеп, жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бюджет есебінен төленуі тиіс еңбекақыға қол жеткізе алмай жатыр. Полицейлер наразы жұртты омбудсмендер кеңсесіне жолатпады, арнайы құрылған комиссия билік өкілдеріне талаптар тізілген құжатты табыстады. Сонымен қатар Николас Мадуроның жақтастары да шеруге шығып, ұрланған активтерді елден шығаруға қарсылығын білдірді. Бүгін Венесуэлада бюджет есебінен қаржыландыратын мекеме жұмысшыларының жалақысы 30 бен 100 АҚШ доллар шамасында. Ал үкімет құрған Ұлттық ассамблея өкілдері Америка салған санкцияның кесірінен қорда қаржы жетіспейтінін айтады.