Украинаға 1,5 млрд доллар бөлінеді 

Украинаға қосымша әскери көмек көрсетіледі. Еуропа елдері өзара ақылдаса келе, қаржылық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша Украинаға 1,5 миллиард доллар бөлуге уағдаласты. Украина, Дания және Ұлыбританияның бірлесе ұйымдастырған жиында 26 елдің басшысы осындай шешімге келді. Қаржының бір бөлігі қару-жараққа, өзге бөлігі минадан тазартуға және  украина әскерінің біліктілігін арттыруға жұмсалады. Бұған дейін Дүниежүзі банкі Украинаға 4,5 млрд доллар көлемінде қосымша қаржы бөлетінін хабарлаған еді. Ол АҚШ грантының есебінен бөлінбек. Бұл қаражат Украинанының қордаланған мәселелерін шешуге жұмсалмақшы.

Алексей Резников, Украинаның қорғаныс министрі:

Конференцияның нәтижесіне көңілім толды. Кей мәліметті ашық айта алмаймын, өйткені ол құпия. Бірақ минадан тазартуға қатысты келісім жасалды, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді жоспарды талдадық. Оның ішінде қару-жарақ өндірісіне қатысты жоспар құрдық. Қазір шаршауға уақыт жоқ. Бізге күш керек. Күш дегеніміз қаржы. Еуропалық әріптестеріміз осыны жақсы түсінеді, сондықтан бізді қолдауға әзір екенін білдірді.