АҚШ-та чип өндірісі туралы заң сынға қалды

Құрама штаттардың баспасөз құралдары компьютер чиптерінің өндірісі туралы заңды сынады. Нью-Йорк Таймс баспасы жобаның таяу уақытта жеміс бере қоюы екіталай деп жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Вашингтон Поста жарияланған мақалада сарапшылар бұл жобаның тым қымбатқа түсетінін айтады. Олар бағдарламаны үйлестіре отырып, инновацияны ынталандыруға болады дегенге күмән келтіреді. Осы аптада Ақ үй басшысы Америкадағы компьютер чиптерінің өндірісін ынталандыру туралы заңға қой қойған. Ауқымды жобаға 52 млрд доллар қарастырылып отыр.

Сондай-ақ...