Панамада 625 келі кокаин тиелген қайық тоқтатылды

Панаманың шекарашылары 625 келі есірткі тиелген қайықтың жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кокаин тиелген су көлігі елдің Колумбиямен шектесетін жерде тоқтатылған. Колумбияның үш азаматы тұтқындалды. Мәлім болғандай, қайықты анықтау оңайға түскен жоқ. Өйткені су астымен навигациялық бағдарлау жүйесі көзге түспей қозғалуға мүмкіндік береді. Жалпы Панама Кариб жағалауы мен Тынық мұхитының аралығында орналасқандықтан, Оңтүстік Америкадан Солтүстік Америкаға есірткі тасымалдауға географиялық тұрғыдан қолайлы саналады.