Мәскеуде ыстықтан қауіптіліктің сарғылт деңгейі жарияланды

Мәскеуде аптап ыстықтан қауіптіліктің сарғылт деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың болжауынша Ресей астанасында ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілуі күтілуі мүмкін. Аймақта өрт қаупі де жоғары екені ескертіледі. Жергілікті билік тұрғындарды мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға шақырады. Табиғат апаттарының алдын алу үшін орманда от жағуға тыйым салынды.