476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Арктикадағы мұздықтар еріп жатыр

  • 175
  • UPD: 09:44, 13.08.2022
Арктикадағы мұздықтар еріп жатыр

Соңғы 40 жылда Арктикадағы ауа температурасының жылынуы әлемнің басқа өңірлеріне қарағанда 4 есеге жылдам  болды. Бұл жаһандық климаттың өзгеруінің тағы бір белгісі дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдардың зерттеуіне сай аймақтағы қазіргі жағдай полярлық мұздықтардың еруі жайында жасалған болжамдардан әлде қайда күрделі.  Бүгінде мұздықтар Альпы тауларында да тез еріп жатыр.Онда соңғы 120 жылда температура 2 градусқа көтерілген екен. Мұздықтардың еруі қарқын алғандықтан Италия, Франция мен Швейцария билігі аймақтағы тау шаңғы курортты жерлерін жабуға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы