Черногорияда атыс болып, 11 адам ажал құшты

Қайғылы оқиға елдің мәдени астанасы саналатын Цетинеде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас полицейдің мәліметінше, құрбандар арасында 8 және 11 жастағы 2 бала бар. Тағы 6 тұрғын жарақат алған. Оқиға орнына келген полицейлермен атысқан күдіктінің көзі жойылды. Тәртіп сақшылары әзірге оның аты-жөні мен жеке бас мәліметін әзірге жарияламай отыр. Тергеу жалғасуда.

Зоран Брджанин, Черногория полициясының директоры:

- 34 жастағы ер адам оның үйін жалдап тұрған отбасы мүшелеріне оқ жаудырған. Аңшы мылтығын пайдаланған ол үйден шығып, сол маңдағы адамдарды да атқан. Оқиға орнына келген офицерлермен атысты. Бір полицей ауыр жарақат алды. Осындай жантүршігерлік әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ...