476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркия Сирия оппозициясын бітімге шақырды

  • 183
  • UPD: 17:17, 13.08.2022
Түркия Сирия оппозициясын бітімге шақырды

Түркия Сирияға қатысты саясатын өзгерте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы бұған дейін Анкара қолдап келген сириялық оппозицияны президент Башар Асад билігін қолдауға шақырды. Сирияда 11 жылдан бері соғыс жүріп жатыр. Елдің солтүстік-батысында Түркия шекарасының бойындағы аудан әлі лаңкестердің бақылауында. Түрік министрінің сөзінен кейін осы аумақта 3 мыңға жуық радикал шеруге шығып, қарсылық білдірді.

Хабар 24 телеарнасы