Ауғанстанда әйелдер шеруге шықты

Тәліптер митингке шыққан әйелдерді аспанға оқ атып таратты.

Кабулда наразылық акциясы өтті. Қатысушылар көшелерге шығып, «жұмыс және бостандық» деп айқайлады. Наразылық білдірушілер әйелдердің жұмысқа, оқуға және елдің саяси өміріне қатысу құқығын қайтаруды талап етті. Бір жыл бұрын Ауғанстанда билікке келген тәліптер митингті тарату үшін әуеге оқ атты. Белсенділер кейбір әйелдердің ұсталғанын айтты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, митинг туралы хабар таратқан бірнеше журналист соққыға жығылған.

Жолия Парси, белсенді:

- Бұл осыдан бір жыл бұрын билікке келген тәліптерге қарсы наразылық. Өйткені оларда әлі күнге нақты бағдарлама жоқ. Қыздарға арналған мектептер жабық, әйелдер себепсіз жұмыстан шығарылады, кедейшілік күшейіп барады. Мұның бәрі осы наразылыққа түрткі болды.   

БҰҰ мәліметтері бойынша қарулы зорлық-зомбылық деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан елде 10 ай ішінде 2106 бейбіт тұрғын көз жұмған. 1400-ден астам адам жараланды.

Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, әйелдер мен қыздардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және журналистердің құқықтары жиі бұзылады. Олар Ауғанстандағы адам құқықтарын қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ...