Грекияда инфляция ырық бермей тұр

Грекияда инфляция өсіп барады. Шілдедегі тұтыну бағалар индексі 11,6 процентті көрсетті.

Статистика мекемесінің мәліметі бойынша бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Айлығы шайлығына жетуден қалған тұрғындар елдегі ең арзан тағам - гиростің өзін сатып алуға қиналатын болды. Мамырда билік ең төменгі айлық көлемін 713 еуро деп белгілеген болатын. Бірақ сарапшылар бұдан пайда шамалы дейді. Өйткені тауарлар мен қызмет көрсету құны одан жоғары болып тұр. 

Арис, жергілікті тұрғын:

- Гиросты 3 жарым еуроға сатып алдым. Бұл өте қымбат. Бір жыл бұрын оның бағасы 1 еуроға да жетпейтін. Негізі бұл тағам соншалықты қымбат болмауға тиіс. Қымбатшылық қысып барады.