Венгрияға жіберілетін газ көлемі артты

Ресей Венгрияға жеткізетін газ көлемін арттырды. Еуроодақ мүшесі саналатын елге Газпром сұйық отынды Балқан түбегі арқылы жібере бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Венгрия үкіметі Ресейден негізгі келісімнен бөлек 700 млн текше метр газ алатын болып шешкен. Былтыр күзде қос тарап алдағы 15 жылға ұзақ мерзімді келісім жасаған еді. Құжатқа сәйкес, Ресей жыл сайын Сербия мен Австрияны басып өтетін құбыр арқылы 4 жарым млрд текше метр көгілдір отынды жеткізуге тиіс. Осы себепті ресми Будапешт Еуропалық Одақтың Ресейге салған санкциясына әу бастан қарсылық білдірген.