loader

Эквадордағы жарылыстан бес адам көз жұмды 

Эквадордағы жарылыстан бес адам көз жұмды 

Эквадордың Гуаякиль қаласында жарылыс болып, 5 адам көз жұмды. Құрбандардың үшеуі бірден оқиға орнында, қалған екеуі ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәрі – бейбіт тұрғындар. Тағы 26 адам жарақат алған. Полиция негізі бұл жарылыс ұйымдасқан қылмыстық топтың беделді 2 мүшесіне бағытталғанын айтады. Сондай-ақ 8 үй мен 2 көлікке зақым келген.

Патрисио Каррилло, Эквадордың ішкі істер министрі:

– Құрбандар мен жарақат алғандардың денесінен металл сынықтары табылды. Ажал құшқандар арасында 2 әйел бар. Осы сұмдық қылмысқа қатысты барлық жайт анықталып, кінәлілер аяусыз жазаланады.

Сондай-ақ...