Арменияда сауда орталығында жарылыс болды 

Еревандағы сауда орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 3 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарынан мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 22 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Олар үйінді астында қалуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, мерекелік заттар қоймасындағы жарылыс кеше болған еді. Жалпы 60-тан астам адам ауруханаға жеткізілген.

Ален Симонян, Арменияның ұлттық жиналыс төрағасы:

– Қиранды астында адамдар қалуы мүмкін. Оларды алып шығу үшін полиция мен медицина қызметкерлері жанталаса жұмыс істеп жатыр.