АҚШ делегациясы Тайваньға барды

Араға екі апта салып, Нэнси Пелоси сапарынан кейін Тайваньға тағы да америкалық конгресмендер табан тіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес адамнан тұратын делегацияны демократ сенатор Эд Марки бастап барды. Тараптар АҚШ пен Тайвань арасындағы қарым-қатынасты, өңірдегі қауіпсіздікті, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аралды өз аумағының бір бөлігі деп санайтын Қытай Пелосидің сапарына наразылық білдірген. Ресми Бейжіңнің айтуынша, бұл сапар «Біртұтас Қытай» қағидатына қайшы келеді. Ал Вашингтон бұл айыптауларды жоққа шығарып, Америка Құрама Штаттарының Қытайға қатысты саясаты өзгермегенін айтып отыр.