Экс-президент Ауғанстаннан неге қашқанын түсіндірді 

Ауғанстанның бұрынғы президенті тура 1 жыл бұрын елден неге қашқанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашраф Ғани кетпегенде тәліптер жаңа үкіметті заңдастыру құжатына күшпен қол қойдыратын еді деп ақталған. Сондай-ақ экс-басшы ірі көлемде ақша алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Естеріңізде болса, «Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мүшелері былтыр 15 тамызда Кабулға басып кіріп, өз билігін орнатты. Одан бұрын АҚШ әскері елден кеткен еді.

Сондай-ақ...