Қытай Тайвань аралының маңында жаңа әскери жаттығуды бастады

Қытай әскері Тайвань маңында жаңа жауынгерлік жаттығулар өткізіп жатыр.

Жексенбі күні аралға сенатор Эд Марк бастаған АҚШ конгресі өкілдері барған еді.

Сенатордың айтуынша, бұл сапардың мақсаты «Вашингтонның Тайваньға қолдау білдіретінін қуаттап, бұғаздағы тұрақтылықты нығайтуға» бағытталған. Ал Қытай сыртқы істер министрлігі бұл өңірдегі бейбітшілікке кері әсерін тигізеді дейді.

Еске сала кетейік, бұл осы айда АҚШ жоғары лауазымды тұлғаларының аралға жасап отырған екінші сапары. Осыған дейін Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барып қайтқан болатын. 

Ван Вэньбинь, Қытай СІМ ресми өкілі:

- Сенаторлардың Тайваньға сапары "біртұтас Қытай" қағидатын және бірлескен үш қытай-американдық коммюникелерді өрескел бұзып отыр. Осылай Тайваньдағы сепаратистік күштерге қате белгі берді. Біз АҚШ-ты "біртұтас Қытай" қағидатын бұлжытпай орындауға шақырамыз.

Сондай-ақ...