Ауғанстанда су тасқынынан 31 адам көз жұмды

Ауғанстанның Парван провинциясында су тасқыны жүрді.

Салдарынан 31 адам опат болды. 17 кісі жарақат алды. Тағы ондаған азамат із-түзсіз кеткен. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тасқын су ондаған елді мекенді шайып өтіп, малды ағызып әкеткен.

Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, аймақта әлі бірнеше күн жауын-шашын болады.