Бангладеште өрттен 6 адам көз жұмды

Бангладеш астанасы Даккада өрттен 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт жақын маңдағы пластик өндіретін зауыттан шыққан. Әзірге оның себебі белгісіз. Бірақ бір тұрғын «Рейтер» агенттігіне «газ баллоны жарылды» деген. Қайғылы оқиға шаһардың ескі бөлігінде болған. Көз жұмғандардың денесі қонақ үй ғимаратынан табылған. Өрт сөндірушілер марқұмдардың ұйқыда жатып, өртеніп кеткенін айтады.

- Газ баллоны жарылып, өрт пластик шығаратын зауыттың ішінен басталды. Жан тапсырған 6 адамның денесін көрдік.