476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлыбритания коронавирустың «Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны мақұлдады

  • 182
  • UPD: 12:57, 16.08.2022
Ұлыбритания коронавирустың «Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны мақұлдады

Препаратты «Модерна» компаниясы әзірлеген. Екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі «Омикроннан» қорғайды.

Сондай-ақ бұл препаратты ревакцинациялау үшін де қолдануға болады. Сынақ-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған. Аталған екпені Британияда мақұлдау туралы шешімді үкімет жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық-ғылыми кеңес беруші мекеме мен дәрі-дәрмек жөніндегі комиссия бірлесіп қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы