АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында төтенше жағдай жарияланды

Ерекше режимді енгізуге су тасқыны себеп. Табиғит апаты жүзден аса тұрғын үйді зақымдады. 2 мыңнан астам адам қазір жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тасқыннан әсіресе Фейетт және Канава округтері қатты зардап шекті. Әзірге көз жұмғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Аймақтағы құтқарушылар 1 күннің ішінде 30-ға жуық шұғыл операция өткізген. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді - өңірдегі жауын-шашын әлі 1 апта тоқтамай құюы мүмкін.

ҰЛЫБРИТАНИЯДА ОРМАНДАҒЫ ӨРТ ДЕС БЕРМЕЙ БАРАДЫ

Ал Англияның оңтүстігінде орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау әп-сәтте 1 тұрғын үйді жалмады. Табиғат апатының зардабын «Рейтерс» агенттігі жариялаған мына бейнежазбадан анық көруге болады. Билік жақын маңдағы тұрғындарға шұғыл қауіпсіз жерге көшуге нұсқау берді. Ұлыбританияда биылғы жаз рекордты деңгейде ыстық болып тұр. Кейбір аймақты қуаңшылық жайлап, суды пайдалануға мәжбүрлі түрде шектеу қойылды.

Сондай-ақ...