476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери оқу-жаттығу жанданды

  • 165
  • UPD: 17:47, 17.08.2022
Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери оқу-жаттығу жанданды

Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары бірлескен әскери оқу-жаттығуын келесі аптада жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі хабарлады. Жаттығу тамыздың 11-нен қыркүйектің 1-не дейін өтеді деп жоспарланған. Бірлескен іс-шара Корей-АҚШ ынымақтастығын бекемдеуді көздейді. Онда негізінен әскери іс-қимылдың компьютерлік симуляциясына ден қойылады. Бірақ елдің қорғаныс министрінің сөзінше, ұрыс тәсілі жаттығу алаңында да пысықталмақ. Жалпы пандемияның салдарынан кейінгі кезде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен жаттығуының саны қысқарған. Бір жағынан тараптар Солтүстік Кореямен арадағы шиеліністі басу үшін де осылай ұйғарған. 

Хабар 24 телеарнасы