Украинада мектептердің 40% жаңа оқу жылына дайын

Украинада жаңа оқу жылында «Отанды қорғау» пәнінде балалар жарылғыш заттарды залалсыздандыруды үйренетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Калифорния мектептерінде биыл барлық оқушылар үшін тегін тамақтану жүйесі енгізілді. Ондай бағдарлама Нью-Йорк, Чикаго мен Бостонда бұрыннан бері бар. Алайда жүйе бүкіл штат аумағында алғаш рет енгізіліп отыр. Ал Қытайда оқушылар мен олардың отбасы мүшелеріне оқу алдында 2 апта бұрын басқа өңірлерге баруыға тыйым салынды. Ресей университеттерінінің 76 процентінде биыл оқу ақысы қымбаттады.

Сонымен Украинада қарулы қақтығыстан мектептер мен балабақшалардың 25 проценті бүлінген екен. Алайда соған қарамастан биыл оқу дәстүрлі форматта да, онлайн да ұйымдастырылады. Украинада білім беру мекемелерінің 40 проценті жаңа оқу жылына дайын. 21 мыңнан аса нысанды тексеріп шыққан мамандар осындай қорытындыға келді. Елде жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Биыл 400 мыңға жуық оқушы мектепке баруы тиіс. Оқуды дәстүрлі форматта өткізу үшін білім беру мекемесінде сапалы жертөле болу керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, сабақ онлайн форматта ұйымдастырылады. Жертөледен бөлек мектепте автономды желдеткіш, екі есік, су және дәрі-дәрмек болуға міндетті. Мұның бәрін арнайы комиссия тексереді. Сондай-ақ биыл оқу бағдарламасына да өзгеріс енгізілді. Мәселен «Отанды қорғау» пәнінде жоғары сынып оқушылары жарылғыш заттарды қалай залалсыздандыру керек екеніні үйренеді. Министрлер кабинеті жоғары оқу орындарында оқу жылын 15 тамызда бастауға кеңес берді. Өйткені университетте студент көп. Сондықтан оларды бір мезгілде жертөлеге сыйдыру бойынша қиындық туындауы мүмкін. Ал бірінші курс студенттері үшін оқу тек қыркүйектің ортасында басталады.

Елена Мостицкая, «Одесса заң академиясы»ұлттық университетінің ұстазы:

Екі ауысыммен оқу жағы да қарастылып жатыр. Бастауыш сыныптары түске дейін, жоғарғы сынып түсткен кейін. Өйткені бір мектептің мыңдаған оқушысы бір мезетте жертөлеге сыймайды. Бізге төрт нұсқа ұсынылды, оффлайн, онлайн, ауысыммен оқу және уақытын өзгертіп оқу. Әр мектеп, балабақша және институт өзіне қалағанын таңдап алады. Балабақшада бала аз, сондықтан оған оффлайн форматы ыңғайлы болуы мүмкін. Университеттегі жағдай мүлдем бөлек.