Ресейде оқу ақысы қымбаттады

Университет демекші, биыл Ресейдегі жоғары оқу орындарының төрттен үшінде оқу ақысы қымбаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті басылымдар биыл Мәскеудегі медицина университеттерінде оқу ақысы 30 процентке қымбаттағанын хабарлайды. Ал мектепке келсек, мұнда оқу дәстүрлі форматта өтеді. Көрші елде биыл мұғалімдер жетіспей жатыр. Әсіресе математика, физика, орыс және шет тілі ұстаздары керек. Мамандар тапшылығына төмен жалақы мен жүктеменің артуы себеп.